
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ақтау қаласы Полиция басқармасында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Сафиулин Евгений Викторовичтің төрағалығымен ұйымдастырылды. Шараға Маңғыстау облысының «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің ардагері Досмухамедов Анвар Сулейменович және «Пахтакор» өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы Парманқұлова Шоира Хусанқызы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтіп, достық пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Қазақстан халқының бірлігі күні – елімізде 1996 жылдан бері аталып өтетін маңызды мереке. 1995 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланған.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген халқымыздың даналығы – бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Береке мен тұрақтылықтың негізі – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластық. Осы құндылықтарды дәріптейтін бұл мерекенің маңызы зор.
https://www.instagram.com/reel/DXzQzEYMU4G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1213689?lang=kk

Жауап қалдыру