
Біздің ауданда екі мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады. Мұндай отбасыларды қолдау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста Центр поддержки семьи «Бақытты отбасы» маңызды рөл атқарады. Орталық Наурызбай батыр көшесі, 106а мекенжайында орналасқан.
Әлеуметтік бастамаларды іске асыру аясында мұнда көпбалалы ата-аналармен тұрақты түрде кездесулер өткізіледі. Бұл кездесулер тұрғындар үшін ашық диалог алаңына айналып, олар өздерін толғандырған мәселелер бойынша қажетті ақпарат алып қана қоймай, нақты шешімдерге қол жеткізе алады.
Азаматтар көбінесе жұмысқа орналасу мәселелері бойынша көмек сұрап жүгінеді, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алу шарттарына қатысты сұрақтар қояды. Кәсіпкерлікпен айналысатын көпбалалы аналар мемлекеттік гранттар мен бизнесті дамытуға арналған жеңілдетілген несиелерді алу тетіктеріне ерекше қызығушылық танытады.
Сонымен қатар, балалардың қосымша білім алу мүмкіндіктері де өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді. Ата-аналар балалардың үйірмелер мен спорттық секцияларға қандай шарттармен қатыса алатынын, жеңілдіктер мен тегін қатысу мүмкіндіктерін жиі сұрайды.
Түскен барлық сұрақтар жан-жақты қарастырылады: орталық мамандары кеңес беріп қана қоймай, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып, мәселелерді шешуге ықпал етеді. Кездесулерге орталық қызметкерлері белсенді қатысып, әрбір өтінішке жүйелі және жеке тәсілмен қарайды.
Қабылдауға жазылу үшін +7 707 779 07 08 телефонына хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1213742?lang=kk

Жауап қалдыру