«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық конкурсының қорытындылары шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында Қазақстандық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Орталық комитеті ұйымдастырған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Аталған конкурс дәстүрлі түрде салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арасында өткізіліп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Конкурстың негізгі мақсаттары – жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау деңгейін арттыру, қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру болып табылады.

Конкурс бірнеше кезеңнен – облыстық және республикалық деңгейлерден тұрды.

Облыстық кезең аясында Ақмола облысынан қатысқан 21 техникалық инспектордың арасынан еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жоғары кәсібилігін, практикалық дағдыларын және тиімді жұмысын көрсеткен үздіктер анықталды.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша Ақмола облысының атынан республикалық кезеңге:

— Қыдырбеков Мадияр Русланұлы, Көкшетау қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің техникалық инспекторы;

— Ілиясов Бауыржан Құмарғалиевич, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледждің техникалық инспекторы жолдама алды.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша облыс намысын қорғаған қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетті:

Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары арасында:

I дәрежелі диплом және 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат — Қыдырбеков Мадияр Русланұлы (Көкшетау қ., №8 жалпы орта білім беретін мектеп).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасында:

II дәрежелі диплом және 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат

— Ілиясов Бауыржан Құмарғалиевич (Щучинск қ., жоғары техникалық колледж).

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсы кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңызын сақтап келеді.

Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1213753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді