
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс қырық екінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың 8 мамырында сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2025жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 178 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Кентауқаласына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Елеусизов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kentau/press/news/details/1213707?lang=kk

Жауап қалдыру