ЛЕҢГІРДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ: ДАМУ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан орталығы – Леңгір қаласында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданның 2025 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.
 
↪️ Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы негізгі мәселелер кеңінен қамтылды. Аудан әкімі өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіліп келе жатқанын атап өтті.
 
↪️ Өткен жылы Леңгір қаласы тұрғындарымен кездесуде көтерілген 11 мәселенің 3-і толық шешімін тапқан. Қалған тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалуда. Атап айтқанда, «Ленгір су» коммуналдық мекемесі тарапынан Достық елді мекенінде екі ұңғыма іске қосылып, қосымша екі ұңғыманы қазу жұмыстары жалғасуда.
 
↪️ Биыл Қазығұрт және Самал шағын аудандарында күн энергиясымен жұмыс істейтін 300 жарық шамын орнату жоспарланған. Сонымен қатар, инвестиция тарту бағытында Киелітас ауылдық округінде 100 гектар аумақта индустриалды аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Төлеби» индустриалдық аймағында жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 440 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
 
↪️ 2025 жылы аудан аумағында 41 заңды тұлға тіркеліп, жергілікті бюджет кірісі 1 млрд 83 млн теңгеге артты. Туристік аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарды заңдастыру жұмыстары да салық түсімдерінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
Леңгір қаласын өндірістік орталық ретінде дамыту мақсатында жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып, 85 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қала бюджеті де жыл сайын өсіп келеді: 2021 жылғы 92,1 млн теңгеден 2026 жылы 899 млн теңгеге жетеді деп күтілуде.
 
Әлеуметтік салада 2025 жылы 24 жобаға 4,9 млрд теңге бөлініп, тұрғын үй құрылысы, жол, су, электр және газ жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылды. «Алатау» шағын ауданында жаңа тұрғын алқаптары салынып, инфрақұрылым толық жүргізілуде. Қапал батыр көшесінде көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтарға пәтерлер табысталады.
 
↪️ Сонымен қатар, электрмен қамту мақсатында жаңа қосалқы станция іске қосылып, кәріз жүйесін жаңарту аясында тәулігіне 3500 текше метр су тазартатын қондырғы пайдалануға берілді.
 
📌 Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
 
📍 Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әрбір өтінішті заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1213859?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді