
Бүгін қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының директорларымен кездесу өтті. Жыл бойы және маусымдық негізде жұмыс істейтін демалыс орындарының қызметін лицензиялау мәселелері жан-жақты талқыланып, нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, төтенше жағдайлар қызметі, медициналық және фармацевтикалық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандары қатысып, лицензиялау талаптары мен тәртібін кеңінен түсіндірді.
Әрбір мекеме өз бағыты бойынша қауіпсіздік талаптары, қызмет сапасы және заң талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Аталған түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1213203?lang=kk

Жауап қалдыру