
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру: онлайн-семинар өтті
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Ж.Е. Косшыгуловтың төрағалығымен онлайн-семинар өтті.
Семинар жұмысына Қарағанды облысы бойынша Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалының Жер кадастры бөлімдерінің басшылары мен бас мамандары, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы — коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеу кезіндегі қателіктердің алдын алу болды. Жиын барысында бөлім мамандары заңнаманың өзекті мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер беріп, құжаттарды қабылдау кезінде жиі кездесетін заң бұзушылықтарға талдау жасады. Бұл шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және негізсіз бас тартуларды азайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1213397?lang=kk

Жауап қалдыру