
Жеңіс күніне орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі мен жарқын рухына арналған көрме ұйымдастырды.
Экспозицияда жауынгерлердің портреттері, шайқас көріністері мен әсерлі әскери натюрморттар қойылған. Мұнда соғыстан кейінгі жылдары салынған туындылармен қатар, қазіргі жас суретшілердің еңбектері де топтастырылған. Жалпы көрмеге 38 автордың 40 жұмысы ұсынылған. Кескіндеме мен графика арқылы тарих қайта жанданып, өткен дәуірдің рухы көрініс табады.
Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1213762?lang=kk

Жауап қалдыру