
Қарақия ауданының Құрық ауылында 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай тағылымы мол, мазмұны бай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Ұлт пен ұлысты ұйыстыратын, татулық пен келісімді ту еткен бұл мереке аудан тұрғындарының бірлігі мен өзара сыйластығын айшықтай түсті.
Мерекелік шараның басты мақсаты-ел ішіндегі ынтымақ пен тұрақтылықты нығайту, түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты достық пен бірлік рухында тәрбиелеу болды. Осы орайда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп және балабақша ұжымдары белсенділік танытып, әр ұлттың ұлттық тағамдары мен дәстүрлерін, өнерін көпшілік назарына ұсынды.
Шара барысында қазақ, орыс, өзбек, түрік және өзге де этностардың ұлттық тағамдары әзірленіп, көрмеге қойылды. Сонымен қатар, қатысушылар әр халықтың мәдени ерекшеліктерін таныстырып, ән мен би арқылы ұлттық өнердің көркем үлгілерін паш етті. Түрлі ұлт өкілдерінің өнері бір сахнада тоғысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімі Сымбат Төретаев тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, бірлік пен татулы
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1213390?lang=kk

Жауап қалдыру