Қазақстан Қытай Халық Республикасына жемшөп қоспалары экспортының мүмкіндіктерін кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ға жемшөп қоспалары экспортының мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты күшейтуде. Осы бастама аясында Комитетте «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің, салалық қауымдастықтар мен еліміздің экспорттаушы компаниялары өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс кеңесі өтті.

Талқылау барысында Қытай Халық Республикасына жемшөп өнімдерін жеткізуді қазіргі уақытта тек өндіруші кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар трейдерлер де жүзеге асыра алатындығы туралы ақпарат жеткізілді. Бұл өнімдер тек ҚХР Бас кеден басқармасының (БКБ) Тізіліміне енген кәсіпорындарда өндірілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл шешім Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасымен жүргізілген қарқынды келіссөздер мен қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі болып табылады.

Өнімдердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін Комитеттің аумақтық инспекцияларына шаруашылық жүргізуші субъектілермен ҚХР БКБ белгілеген фитосанитариялық, карантиндік және өзге де талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Жүктердің таңбалануының ілеспе құжаттардағы және фитосанитариялық сертификаттардағы мәліметтерге қатаң сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на вагондарды беру жоспарын тек ҚХР БКБ Тізілімінде бар кәсіпорындардан жеткізілімдерді жүзеге асыратын трейдер компаниялармен келісу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1213857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді