Қазақстанда автожолдар саласындағы нормативті – техникалы құжаттар жаңартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда жол саласын реттейтін нормативтік база түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл процесс енді тек жоспар деңгейінде емес нақты іске асыру кезеңіне өтті.
Жаңарту жұмыстары 2024–2029 жылдарға арналған автожол саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, автомобиль жолдарының сенімділігіне, қауіпсіздігіне және толық өмірлік цикліне бағытталған заманауи реттеу жүйесін қалыптастыруға негізделген.
Реформа ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасымен «ҚазжорҒЗИ» АҚ тарапынан жүзеге асырылуда.
2023 жылдан бері жүргізілген талдау барысында 1200-ден астам нормативтік құжат зерттеліп, олардың едәуір бөлігі қазіргі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Соның нәтижесінде кейбірі қайта қаралып, бірқатары мүлде жойылуда. Қазірдің өзінде 125 ескірген құжат күшін жойды.
Жаңа стандарттар тек қағаз жүзінде жазылмайды, олар ғылыми зерттеулер мен халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленуде. Негізгі өзгеріс жолды тек салу емес, оны жобалаудан бастап күтіп-ұстау мен жөндеуге дейін толық цикл ретінде қарастыру.
Қазірдің өзінде 2026 жылға арналған жұмыстар аясында 5 ұлттық стандарт пен 9 салалық құжат дайындалып жатыр. Олар жол құрылысына жаңа материалдарды енгізу, жол жамылғыларын күтіп-ұстау, көпірлерді дамыту және экологиялық талаптарды күшейту бағыттарын қамтиды.
Реформа жол саласының жұмыс істеу қағидаларын өзгертеді. Енді жол сапасы тек құрылыс кезінде емес, оның қанша уақыт бойы қауіпсіз әрі сенімді қызмет ететіні арқылы бағаланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1213463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді