
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тарапынан өңірдегі дәрілік заттардың баға нарығына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Аталған жұмыс шеңберінде облыс аумағындағы барлық фармацевтикалық қызмет субъектілерінде дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуына бақылау күшейтілді.
Сонымен қатар, азаматтардың дәрілік заттар туралы толық әрі ашық ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында «NAQTY ONYM» мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады. Бұл қосымша арқылы әрбір тұтынушы дәрілік заттың қаптамасындағы QR-кодты сканерлеу арқылы оның тіркелуі, бағасы және шығу тегі туралы мәлімет ала алады.
Әрбір азамат дәріханалардағы дәрілердің шекті бағаларын Dari.kz қосымшасы арқылы тексере алады.
Егер сіз дәрілік заттардың шекті бағадан жоғары сатылу фактісін анықтасаңыз, Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жүгіне аласыз.
Мекенжайы: Әйтеке би көшесі, 77.
Бейнематериалды көру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.instagram.com/reel/DXwQoCHt2Qr/?igsh=MXM1Zm05bnZja3o3cA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1213493?lang=kk

Жауап қалдыру