
Екі күнге созылған Республикалық «Turan Dance» кәсіби би ұжымдары арасындағы байқау өз қорытындысын шығарып, жоғары деңгейде мәресіне жетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби би өнерін дамыту, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, ұлттық және заманауи би мәдениетін насихаттау, сондай-ақ талантты өнер ұжымдарын қолдау.
Байқаудың екінші кезеңі – заманауи би бағыты аясында еліміздің әр өңірінен келген үздік би ұжымдары өз өнерлерін көрсетіп, сахналық шеберлік пен шығармашылық ізденістерін паш етті. Қатысушылар халық биі және заманауи би бағыттары бойынша өнер көрсетіп, кәсіби дайындықтары мен көркемдік деңгейлері жоғары бағаланды.
Қазылар алқасының құрамында Александр Викторович Ли, Анна Цой және жоба авторы, бас продюсер Мейіржан Алиакбаров болып, әрбір қойылымға әділ әрі кәсіби баға берді.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде «Би Сұлтан» би ансамбліне (Түркістан қаласы) бұйырды. І орын – «TOP DANCE KZ» (Атырау), ІІ орын – Түркістан музыкалық-драма театры, ІІІ орындар – «Шаттық» (Шымкент) және «Алтын тамыр» (Түркістан облысы) иеленді.
Сонымен қатар, арнайы жүлделер «ALEM», «Шалқыма», «Ұлы Дала Қыздары» және «F-Crew» би ұжымдарына табысталды.
Республикалық «Turan Dance» байқауы кәсіби хореография саласындағы маңызды мәдени алаң ретінде ұлттық және заманауи би өнерінің дамуына серпін беріп, талантты ұжымдардың шығармашылық әлеуетін танытуға үлкен мүмкіндік жасады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1213488?lang=kk

Жауап қалдыру