
Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі жыл басынан бері 102,4% құрады (жалпы ел бойынша – 101,5%).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 10 тонна күріш, 15 тонна күнбағыс майы, 20 тонна қарақұмық, 25 тонна қант, 2 тонна тұз, 15 тонна макарон өнімдерін жеткізу белгіленді. Жеткізуші ретінде «Эрликова» ЖК айқындалды.
Сонымен қатар, бағаның өсуіне жол бермеу үшін бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, сиыр еті «Восток-Молоко» корпорациясының екі дүкенінде сатылуда. Сиыр етінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Украинка» ШҚ-на 200 млн теңге көлемінде қарыз беріліп, 71,6 тонна сиыр еті жеткізілді. Ол 1 кг үшін 2790 теңгеден сатылуда.
Сонымен бірге, халықты көкөніс-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету және жаз мезгілінде бағаны тұрақтандыру мақсатында 1 мамырдан 1 тамызға дейін келесі көлемдерде келісімшарттық жеткізу жүзеге асырылуда: пияз – 40 тонна, қырыққабат – 30 тонна, сәбіз – 35 тонна, картоп – 250 тонна. Жалпы сату сомасы 95 905 000 теңге. Жеткізуші – «КХ Мусин Мади Кайратович» ЖК.
«СПК «Ертіс» АҚ мәліметі бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ең төмен бағамен сату мақсатында 2012 жылдан бастап өздерінің сауда павильондары желісін құру жұмысы жүргізілуде. Бүгінде сауда желісі 45 нысанды қамтиды, оның ішінде 17-сі жеке сауда павильоны және 28-і меморандум негізіндегі серіктестік нүктелері.
2019 жылдан бастап бағаны тұрақтандыру бағдарламасына 4,5 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Бұл қаражат жеткізушілерге берілетін қарыздар арқылы айналымда тұрақты түрде қолданылады.
Өткен жылдың мамыр айынан бастап комиссия шешімдеріне сәйкес, ағымдағы жылы 31 ӘМАТ тізіміндегі алты атаулы бакалея өнімдері, төрт атаулы көкөніс өнімдері және сиыр етінің (жауырын-кеуде бөлігі) бағасы тұрақтандырылған.
Сауда департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 44 әкімшілік іс қозғалған. ӘМАТ-қа 15% үстеме бағаны асырғаны үшін 27 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тауарды үстемесіз сатқан 23 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сауда заңнамасын бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы 710 477 теңгені құрады.
Сонымен қатар, ірі әлеуметтік маңызы бар өнім сатушылармен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы меморандумдар жасалуда. Облыс бойынша ӘМАТ тізіміне енгізілген өзгерістерге сәйкес өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы 30 меморандум жасалған. Жыл басынан бері облыста 192 жәрмеңке өткізіліп, 745,4 млн теңгенің тауарлары сатылды.
Делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия жыл басынан бері 23 отырыс өткізіп, сауда үстемесін асырудың 52 фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша заң бұзушыларға тиісті шаралар қабылданды.
Өнімдерді сауда үстемесінсіз сату мақсатында облыс бойынша тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Жыл басынан бері ШҚО-да 166 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, жалпы тауар айналымы 686 млн теңгені құрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1214012?lang=kk

Жауап қалдыру