
Ұлан ауданында Бұқтырма су қоймасының Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында шөп, бұталар мен ағаштардың жануы тіркелді.
Өртті сөндіру үшін ТЖМ авиациясының тікұшағы жұмылдырылды.
Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО ТЖД күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты күрделенуде.
Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты күрделенді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ. Жағдай бақылауда.
Барлығы «Казавиаспас» МЧС әуе кемесімен 7 рет су төгіліп, 21 тонна су шашылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1213160?lang=kk

Жауап қалдыру