
ШҚО-да цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам жасалды: облыс прокуратурасы, Полиция департаменті және «Tele2/Altel» мобильді операторы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойып, әріптестік қарым-қатынасты ресми түрде бекітті.
– Кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар цифрлық алаяқтық әрекеттердің жолын барынша жедел кесуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі талқылады.
Полиция, қадағалау органы және жеке сектордың тікелей байланыс орнатуы заманауи технологиялық сын-қатерлерге қарсы әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Мұндай «цифрлық қалқанның» құрылуы Шығыс Қазақстан тұрғындарының виртуалды кеңістіктегі қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған, – деді ШҚО Полиция департаментінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1213595?lang=kk

Жауап қалдыру