ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА 38 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Инватакси» қызмет көрсетеді. Бүгінде 38 арнайы көлікке 446 өтініш қабылданып, тұрғындар тұрақты тасымалдануда.

     Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 163 бала бар: 40 балақай – балабақшаға, 29 жеткіншек – колледждер мен жоғары оқу орындарына, 94 оқушы арнайы мектептерге жеткізіледі.

     Ал арнайы қызмет алатын 286 ересек адамның арасында 49-ы – жұмысқа, 77-сі – диализ процедураларына, 132 адам оңалту орталықтарына тұрақты қатынап жүр. Сонымен қатар, 25 спортшы да бар.

     Әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында 2025 жылы инватакси көліктерінің саны 28-ден 38-ге дейін ұлғайтылды. Бұл – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам.

     Инватакси қызметі дәрігерлік-консультациялық комиссияның (МӘС) жарамды қорытындысы негізінде ұсынылады.

     Сонымен қатар, мегаполисте тірек-қимыл аппараты бұзылған І және ІІ топтағы 4 435 адамға мемлекет тарапынан ай сайын 5 АЕК мөлшерінде (21 625 теңге) әлеуметтік төлем қарастырылған.

     Бұл бастамалар – инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты істердің көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1213951?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді