«Суды үнемде – болашақты сақта!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитет төрағасының орынбасары Н. Серіков 2026 жылғы 30 сәуірде Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында өткен «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты республикалық эко-сағатқа қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және су үнемдеу технологияларын кеңінен насихаттау болды.

Кездесу барысында су тапшылығының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, оларды шешудің инновациялық тәсілдері қарастырылды. Сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқаруда цифрлық технологиялардың маңызына ерекше назар аударылды. Сарапшылар заманауи әдістер мен халықаралық тәжірибелерді таныстырып, саладағы жаңа үрдістермен бөлісті.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, экологиялық бастамаларға қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1213226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді