ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Ойыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 329 өкімімен Жеткизгенов Асет Тлеукабакович аудан әкімінің экономикалық сала жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
А.Т.Жеткизгенов 1981 жылы Байғанин ауданы Жарлы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
🔸️Еңбек жолын Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Байғанин ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
🔹️Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1213860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді