
Қаратау қаласындағы Орталық «Жеңіс» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында ынтымақ пен татулықтың маңызы айқындалып, бірлік пен келісімнің құндылығы кеңінен насихатталды. Іс-шараға аудан әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі – мемлекетіміздің басты тірегі екенін атап өтті.
Мерекелік концерттік бағдарлама аясында Талас халық театры тарапынан тағылымы мол сахналық қойылым ұсынылып, “Ұлбике ақын” атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
Сонымен қатар, мереке аясында көрме және өзге де спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық мәдениеттердің үйлесімі көрініс тапты. Аталған іс-шара ел бірлігін нығайтып, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың маңызын дәріптеген тағылымы зор мереке ретінде есте қалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1213729?lang=kk

Жауап қалдыру