
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әкімдік қызметкерлері еріктілердің қолдауымен және «Гранд» ЖШС техникасын тарта отырып, жалғыз тұратын зейнеткердің үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында қоқыс пен бұтақтарды тиеу және шығару, сондай-ақ аумақты қоқыс пен артық бұтақтардан тазарту жұмыстары атқарылды. Мұндай бастамалар көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1213303?lang=kk

Жауап қалдыру