Төрағаның дәрісі және жұмыс кездесулері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 сәуірде Төраға А. Жақанбаев Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбындағы дәріске қатысты. Өз сөзінде ол су ресурстарын тиімді басқарудың маңыздылығын, суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруды және экологиялық жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті.

Іс-шара барысында су тапшылығы қаупінің артып келе жатқаны, ал су ресурстарын ұтымды пайдалану әрбір азаматтың ортақ міндеті екені ерекше айтылды.

Кездесу соңында экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан белсенді студенттер мен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Төраға университеттің материалдық-техникалық базасымен және мұражайымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1213286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді