
2026 жылғы 30 сәуірде жұмыс сапары барысында Төраға А. Жақанбаев Д. Қонаев атындағы БАК нысандарын қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысымен танысты.
Бекітілген кестеге сәйкес, бас мердігер ағымдағы жылғы вегетациялық кезең басталғанға дейін негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтауы тиіс болатын. Бүгінгі таңда нысанның дайындық деңгейі 99,99%-ды құрайды, негізгі жұмыстар іс жүзінде толық аяқталған. Бұл егіс маусымы кезеңінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы судың уақтылы әрі кедергісіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қалған жұмыстарды аяқтау, орындалған шаралардың сапасын қамтамасыз ету және нысанды толыққанды пайдалануға уақтылы енгізу мәселелері талқыланды. Мердігер ұйымға жобаны белгіленген мерзімде түпкілікті аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1213272?lang=kk

Жауап қалдыру