
Түркістан облысында полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде.
Осы ретте Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері көше бойына шамамен 2 тонна құрылыс қалдықтарын төккен тұрғынды анықтады. Аталған құқық бұзушылық бойынша оған абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар тексеру барысында тағы бір тұрғынның белгіленбеген орынға шамамен 3 тонна қой қиын төккені белгілі болды. Бұл дерек бойынша да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Жалпы жүргізілген іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде 15 құқық бұзушылық тіркеліп, заңға сәйкес шаралар қолданылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, белгіленген тәртіпті бұзбауға және экологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1213404?lang=kk

Жауап қалдыру