ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
 
🔰Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты бірлік пен келісім мерекесімен құттықтады.
 
🔰Мереке барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал әрі жемісті еңбек етіп жүрген этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды.
 
🔰Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздар қатысуымен концерт ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде «Жаңа леп» өнер ұжымы, «Фараб» би ансамблі, «Семсер» тобы, Гүлнұр Нұратаева, Мадина Бекболат, Құралай Қасымова, «Ай-дана» дуэті, Айдар Досымжан, Әсима Тілектес және «Арнау» тобы өнер көрсетті. Ән мен жырға толы кеш барысында халқымыздың бірлігі, достығы мен мәдени ынтымақтастығы кеңінен дәріптелді.
 
🔰Айта кетсек, өңірде «Заң мен тәртіп», «Бейбітшілік пен келісім», «Адал азамат», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобалары аясында тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Ассамблея мүшелері «Таза Қазақстан» бағдарламасына, өзге де акцияларға белсенді қатысуда. Құрылым аясында этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, медиация институты, ғылыми-сараптамалық топ және жастар ұйымдары жемісті еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда облыста экономикалық, инвестициялық, туристік әлеуеті көтерілуде. Бұл жетістіктер – тұтас халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасы.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1213497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді