
Түркістан қаласында ерекше форматтағы спорттық-мәдени іс-шара — Turkestan Night Run 2026 халықаралық түнгі жүгіру фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ауқымды шараға жалпы саны 2300 адам қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін Түркістан қаласының полиция қызметкерлері абыроймен атқарды. Сонымен қатар марафонға полиция департаментінің 50 қызметкері қатысып, өз мүмкіндіктерін сынады.
Жүгіру бағыты Ұлы Жібек жолының тарихи кезеңдерін бейнелейтін арнайы тақырыптық аймақтарға бөлініп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Іс-шара мерекелік шоу-бағдарламамен жалғасын тапты.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері мұндай спорттық-мәдени іс-шараларды әрдайым қолдап, белсенді қатысу арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1213830?lang=kk

Жауап қалдыру