Жаңаөзенде мерекелік күндері қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қаласы аумағында ағымдағы жылдың 30 сәуірі мен 11 мамыры аралығында мерекелік күндер кезінде қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция ротасы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Осы кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бағытында профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда және автожолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жылдамдық режимін сақтау, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау және жолда абай болу қажеттілігі ескертілуде.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және мереке күндері қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DX2AfECNRb4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1213787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді