
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы №15 мектептің «Жас сақшы» сыныбы оқушылары республикалық ағаш отырғызу челленджіне қатысты.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен оқушылар бірлесіп «Жас сақшы» аллеясының негізін қалады. Мектеп аумағына отырғызылған ағаш көшеттері экологиялық жауапкершіліктің, патриотизмнің және ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.
«Жас сақшы» аллеясын құрудың негізгі мақсаты — жас ұрпаққа табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Акция барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттігін іс жүзінде көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1213588?lang=kk

Жауап қалдыру