
Қызылорда облысы Полиция департаментінің алаңында дәстүрлі апталық саптық жиын өтті. Әр дүйсенбі сайын ұйымдастырылатын бұл жиында жеке құрамның қызметке дайындығы пысықталады. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы жиын барысында таңғы сапқа шыққан қызметкерлердің нысандық киім үлгісінің, қызметтік куәліктері мен жетондарының талапқа сәйкестігін тексерді. Саптық жарғы талаптарын сақтау. Саптық дағдыларды жетілдіру .Тәртіп пен жауапкершілікті арттыру — негізгі назарда болды. Қатардағы және басшы құрамға қызметтік киім үлгісін қатаң сақтау тапсырылды. Сонымен қатар, алдағы мереке күндеріне орай жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқаратындығы айтылып, осы бағытта нақты тапсырмалар берілді. Саптық жиын соңында полиция қызметкерлері салтанатты маршпен сап түзеп өтіп, күнделікті қызметтеріне кірісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1213205?lang=kk

Жауап қалдыру