
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары. 2025 жылы 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 111% орындалды. Әлеуметтік осал топтар үшін 1164 пәтер сатып алынды. Бюджет есебінен 1532 пәтерлі 141 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 114-і пайдалануға берілді. Инженерлік инфрақұрылымға 19,9 млрд теңге бөлініп, 39 жоба іске асырылып, 11 нысан іске қосылды.
Екінші мәселе – құрылыс басқармасының 2025 жылғы қызметі. 107,2 млрд теңге бөлініп, оның 101,5 млрд теңгесі (99,3%) игерілді. Жалпы 324 нысанның құрылысы жүргізіліп, 240 нысан пайдалануға берілді (8 білім беру, 98 денсаулық сақтау, 115 тұрғын үй, 11 инженерлік инфрақұрылым, 4 мәдениет, 3 спорт, 1 ауыл шаруашылығы).
Үшінші мәселе – 2023–2029 жылдарға арналған ТКШ инфрақұрылымын дамыту. Облыста 329 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтылған. 2025 жылы 18 жоба іске асырылып, 4 елді мекен алғаш рет су жүйесіне қосылды, 7 елді мекенде 198,8 км желі жаңғыртылды. Жалпы құны 35,4 млрд теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылуда.
Төртінші мәселе – энергетика және ТКШ басқармасының 2025 жылғы қызметі. Сумен жабдықтау, жылу, электр және кәріз желілерін дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп, инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берілді.
2026 жылға 415 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, жыл басынан бері 54,9 мың шаршы метр іске қосылды. 28 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген.
Отырыс қорытындысында депутаттар ұсыныстарын білдіріп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1213929?lang=kk

Жауап қалдыру