ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ, КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ДАМУ, КІШІ ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ, ТУРИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ, КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ДАМУ, КІШІ ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ, ТУРИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Жетісу облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында өңірдегі автомобиль жолдарының жағдайы мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы жөндеу, салу және күтіп-ұстау жұмыстары бойынша есептер тыңдалды.

Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, облыста 4019 шақырым жол бар. Жыл басынан бері 679,9 млн теңге алым өндіріліп, 1000-нан астам құқық бұзушылық анықталған. Ауыр салмақты көліктерге бақылау күшейтіліп, автоматтандырылған жүйе арқылы айыппұлдар рәсімделуде.

 Республикалық маңызы бар 1050 шақырым жолдың бір бөлігі жөнделіп, қалғаны күтіп-ұстау режимінде. Қысқы кезеңге дайындық толық аяқталып, техника мен материалдар жеткілікті. Бірқатар ірі жол жобалары мен көпірлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Облыстық жолдар бойынша 2025 жылы 152 шақырым жөнделіп, 2026 жылы 116 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. Бірнеше елді мекен көшелері де қамтылған. Жолдардың нормативтік жағдайын 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Отырыста жол инфрақұрылымын жаңарту, қауіпсіздікті арттыру және көлік қатынасын жақсарту жұмыстарының жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1213704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді