
Жетісудың інжу-маржаны – Сарқан ауданы, Тополевка ауылында дүниежүзілік алманың арғы тегі саналатын Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған фестиваль жоғары деңгейде аталып өтті.
Фестиваль ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
Салтанатты жиынның ашылуына ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов қатысып, бұл бастама еліміздің ішкі туризмі үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Ауқымды іс-шараға 7 мыңға жуық қонақ жиналып, оның ішінде 50-ден астам танымал блогер мен БАҚ өкілдері мерекенің ақпараттық аясын кеңейтті.
Фестиваль аясында халықаралық деңгейдегі қылқалам шеберлері бір апта бойы Жоңғар Алатауының асқақ бейнесін кенепке түсіріп, өз туындыларын көрмеге ұсынды.
Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар баггимен тау етегін аралап, қазақ күресі, асық ату, аударыспақ және арқан тарту сынды ұлттық спорт ойындарының куәсі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1213613?lang=kk

Жауап қалдыру