
Сессия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы А. Нұрғалиев төрағалық етті. Күн тәртібіне Теректі ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, оның мөлшерін белгілеу, сондай-ақ Теректі аудандық әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері енгізілді.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Тасенова баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында жан-жақты қаралды. Талқылау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалып, ұсынылған материалдарға талдау жүргізіліп, тиісті ұсынымдар әзірленді.
Кезектен тыс сессияның қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/terekta-maslihat/press/news/details/1214639?lang=kk

Жауап қалдыру