27 сәуір күні облыстық халық шығармашылығы орталығының сахнасында қазақ кәсіби өнерінің көрнекті өкілі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкатанушы, педагог, домбырашы Хабидолла Тастановтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық домбырашылар байқауы жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе қалаларынан 30-ға жуық үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салған болатын.

Өнер додасы ұлттық күй өнерін дәріптеп, жас орындаушылардың шеберлігін шыңдайтын тағылымды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1214770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді