Абай облысының тау-кен өндірісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    2026 жылғы 4 мамырда Востокцветмет» ЖШС филиалының Орлов өндірістік кешенінде (Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкенті) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Н.Д. Манабаев, «Востокцветмет» ЖШС басқарма төрағасы И.У. Даутов, Орлов өндірістік кешенінің директоры Е.В. Косых, сондай-ақ кәсіпорынның бейінді мамандары қатысты.

         Кеңестің негізгі тақырыбы 2026 жылғы 27 сәуірде «Орловская» шахтасында адам өліміне әкелген топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын қарау болды. Қатысушылар аварияның алдын ала себептерін, сондай-ақ Абай облысы ТЖД бастығының (2026 жылғы 28 сәуірдегі №118/НҚ) және Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің (2026 жылғы 28 сәуірдегі №30) бұйрықтарына сәйкес құрылған комиссиялар жұмысының нәтижелерін талқылады. Кездесу барысында өндірістік кешендегі қызметкерлер мен техниканы позициялау жүйесінің жұмыс істеу мәселелеріне, сондай-ақ кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру шараларына ерекше назар аударылды.  Сонымен қатар жұмыс сапары аясында «Орловская» шахтасына түсіп, оқиға орынына шолу жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1214476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді