
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, аулалық аумақтың жағдайы, бейнебақылау камераларын орнату, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша өтініштер айтылды.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, соған сай жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
Жазылу нөмірі: 338-45-96

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1214415?lang=kk

Жауап қалдыру