Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшы орынбасарлары А. Саимованың, А. Орынбаеваның төралығымен, облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А. Токтабаеваның, штаттан тыс педиатр М. Дайрабаеваның, штаттан тыс инфекционист И. Эфендиевтің, облыстық медицина мекемелерінің және санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департамент басқармаларының басшыларының қатысуымен офлайн және Zoom платформасында облыстағы қызылша аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы жедел кеңес отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстағы қызылша аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А. Токтабаева баяндады.
Жедел кеңес отырысы барысында медицина мекемелерінде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың тіркелуінің алдын алу және балаларды қызылшаға қарсы екпемен қамту сұрақтары қаралып, медицина мекемелерінің басшыларына тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1214141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді