
Алматы қаласы Полиция департаментінде күзет қызметін бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы осал нысандардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, оның ішінде терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету және күзет қызметтерінің сапасын арттыру болды. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігі басты назарда болатын жалпы білім беру мекемелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Кеңес барысында күзетшілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар, төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері, сондай-ақ қолданыстағы нормативтер мен нұсқаулықтарды қатаң сақтау қажеттілігі талқыланды. Күзет құрылымдарының өкілдеріне жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Аталғандай, білім беру нысандарын күзету тек тиісті даярлықтан өткен, кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет ете алатын және қауіпсіздіктің лайықты деңгейін қамтамасыз ететін білікті мамандармен жүзеге асырылуы тиіс.
«Балалардың қауіпсіздігі — бұл даусыз басымдық. Мектептерде қызмет атқаратын күзет ұйымдары тек формалды түрде қатысып қана қоймай, нақты қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Бұл кәсібилікті, тәртіпті және жауапкершілікті терең түсінуді талап етеді. Қойылатын талаптардың кез келген бұзылуы полицияның қатаң бақылауында болады», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Полицияда күзет құрылымдарымен өзара іс-қимыл алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатыны, ал білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау күшейтілетіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1214040?lang=kk

Жауап қалдыру