Алматыда балалар нейрохирургиясына арналған конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде жыл сайын 17 мыңнан аса нейрохирургиялық операция жасалады. Ал жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі үш есеге артқан. Клиникалық тәжірибеге заманауи технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Алматыда әлемнің 20-дан астам елінен келген жетекші мамандар балалар нейрохирургиясына арналған халықаралық конференцияда бас қосты. Дәрігерлер  ми ісігі,  бас ми жұлын ісігі, эпилепсия, дамуында туа біткен ақаулар мен басқа да да ауыр дерттерді емдеу тәсілдерін бірге талқылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Конференция барысында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен шетелдік жетекші медициналық орталықтары арасында балалар нейрохирургиясын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1214705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді