Алматыда IV PR room Creative Industries Forum алдындағы креативті индустриялар префорумы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3 мамыр күні Алматыда PR-мамандар, продюсерлер мен кәсіпкерлерді біріктіретін префорум өтеді. Іс-шараны Алматы қаласын дамыту орталығының қолдауымен PR room ұйымдастыруда. PR room — медиа және PR саласының кәсіби қауымдастығы. Ұйым салалық журналистика мен PR-ды дамытуға, халықаралық тағылымдамалар және ауқымды іс-шаралар өткізуге бағытталған. Оның ішінде жыл сайынғы спорттық конференция, Art Forum, PR room Awards және басқа да жобалар бар. Құрылтайшысы — Айнұр Байғожа.

Алматыдағы префорум тәжірибе алмасуға, креативті жобаларды ілгерілетудің өзекті құралдарын талқылауға және креативті индустрияларды қаржыландыру бойынша ұлттық деңгейдегі кең ауқымды диалогқа дайындық алаңына айналады. Бұл – 16 мамыр күні Астанада өтетін басты салалық оқиға – IV PR room Creative Industries Forum қарсаңындағы дайындық кезеңінің бір бөлігі.

Форумның негізгі тақырыбы – креативті жобаларды қаржыландыру.

Қатысушылардың назарына
* сарапшылардың баяндамалары
* креативті индустрия кейстерін талдау
* тәжірибелік PR және маркетинг мамандарынан мастер-класстар
* креативті жобаларды ілгерілету және масштабтау бойынша ұсыныстар ұсынылады.

Іс-шара туралы ақпарат
📍 Өтетін орны: Алматы қаласын дамыту орталығы, «АлматыБасЖоспар» конференц-залы (Абай даңғылы, 90, 1-қабат)
🗓️ Күні: 3 мамыр
🕒 Уақыты: 11:00
🎟️ Кіру: алдын ала тіркелу арқылы тегін
🔗 Тіркелу: https://forms.gle/Tt2rfprdfJWVRYrM7
______________

Префорум спикерлері
Алматыдағы сессияда креативті индустрия, урбанистика және өнер салаларының сарапшылары сөз сөйлейді:
* Айдар Қонысбаев — сәулет, құрылыс және жобаларды басқару саласының сарапшысы
* Ботагөз Қалдаяқова — «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының атқарушы директоры
* Анна Дармодехина — Movie Service компаниясының негізін қалаушы, CEO
* Алуа Барманқұлова — журналист, продюсер, PR-маман
* Тариель Джалаллы — Change PR Kazakhstan директоры
* Диляра Мажитова — Rotary Club вице-президенті, Cob House және Audiotheatre Almaty жобаларының тең авторы
* Татьяна Синенко — Aurora PR Agency негізін қалаушы, 30-дан астам халықаралық және республикалық жобалардың PR-жетекшісі
______________

Негізгі форум туралы
16 мамыр күні Астанада IV PR room Creative Industries Forum өтеді. Бұл – креативті экономика өкілдері үшін маңызды оқиғалардың бірі.
📌 Форум тақырыбы: «Креативті жобаларға қаржыландыруды қалай табуға болады?»
🔗 Толығырақ: https://www.artforum.kz/
______________
Байланыс БАҚ аккредитациясы бойынша: 📧 info@prroom.org 📞 +7 777 767 77 99

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1214590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді