
Аудан әкімі Мемлекеттік органдар басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Отырыс барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйі мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ абоненттермен берешекті төмендету бойынша жұмыс талқыланды.
Ауылдық округтер бөлінісінде көлік салығы бойынша болжамды көрсеткіштерді орындауға ерекше назар аударылды. 2026 жылғы 1 тоқсандағы тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (KPI) орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Бұдан басқа, ауданның кітапхана жүйесінің жай-күйі мен дамуы, сондай-ақ мал жаюды ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыру бойынша іс-шаралар өткізу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Қайырұлы бақылауды күшейтуге, жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған нақты тапсырмалар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1214652?lang=kk

Жауап қалдыру