
АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ АҚТӨБЕ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылында ауылдық округ әкімі Д. Смаиловтың төрағалығымен тұрғындармен кездесу өтті.
🔹Кездесу барысында санитарлық тазалықты сақтау, мал жайылымын тиімді пайдалану және мал бағымын реттеу, сондай-ақ иесіз қалдықтар мен тұрмыстық қоқысты шығару және дала өртін алдын алу мәселелері қаралды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ауыл әкімі тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1214739?lang=kk

Жауап қалдыру