
Ақтау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнгі уақытта тыныштықты бұзу дерегін жедел түрде тоқтатты.
Ағымдағы жылдың 2 мамырында сағат 02:23-те «102» арнасына 11-шағын ауданда орналасқан №38 үй тұрғындарынан пәтерлердің бірінен қатты музыка естіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері — полиция лейтенанты Әліби Есенаманов пен полиция аға лейтенанты Аян Аязбай жедел жетті. Алайда пәтер иесі есікті ашпағандықтан, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шақырылды.
Тәртіп сақшылары екінші қабатқа баспалдақ арқылы көтеріліп, терезе арқылы құқық бұзушыдан есікті ашуды талап етті. Нәтижесінде пәтер иесі есікті ашып, құқық бұзушылық фактісі расталды.
Тексеру қорытындысы бойынша 40 жастағы әйел тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, аталған дерек бойынша жергілікті тұрғыннан Полиция департаментінің ресми сайтына алғыс хат келіп түсті. Өз өтінішінде ол патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті, кәсібилігі және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
https://www.instagram.com/p/DX6oUL0jMO9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1214455?lang=kk

Жауап қалдыру