
2026 жылғы 29 сәуірде Астана қаласында өткен «Зерттеу нәтижелері бойынша валидациялық: гендерлік талдау, мигранттардың экономикалық ықпалы және коммуникация» тақырыбындағы семинарға Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов қатысты.
Семинар барысында гендерлік теңдік, көші-қон саласындағы халықаралық тәжірибе, миграцияның әлеуметтік-экономикалық және гендерлік аспектілері, мигранттарды қолдау және интеграциялау, сондай-ақ көші-қон саясаты мен коммуникациялық стратегияларды жетілдіру мәселелері талқыланды. Халықты әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі туралы құқықтық мәселелер де қаралды.
Іс-шараға қатысқан ұйымдар:
Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ)
• ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті
• ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
• ХКҰ гендерлік маманы
• «Халықаралық тәжірибе және ХКҰ тәсілі» сарапшылары
Көші-қон және гендерлік саясат саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, мигранттардың құқықтарын қорғау, олардың экономикалық үлесін арттыру және қоғамға тиімді интеграциялау бағытында ұсыныстар әзірлеуге арналған маңызды диалог алаңы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214393?lang=kk

Жауап қалдыру