
2026 жылғы 5 мамыр күні Азаматтарды қабылдау орталығы алаңында халыққа сот кабинеті арқылы құжат тапсыру бойынша консультативтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ Мамлют ауданы әкімі аппаратының мамандары ЭЦҚ алу және eGov порталы арқылы «Қандастар» мәртебесін беру мәселелері бойынша көмек көрсетті.
Қабылдау барысында азаматтарға электрондық сервистермен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, өтініштерді жолдау кезінде практикалық көмек көрсетілді.
Аталған жұмыс халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың цифрлық дағдыларын дамытуға және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut/press/news/details/1214675?lang=kk

Жауап қалдыру