
Безгек — жұқтырылған Anopheles тектес ұрғашы масалардың шағуы арқылы берілетін паразиттік ауру. Адам ағзасына түскен паразиттер алдымен бауырды зақымдайды, кейіннен мына белгілердің дамуына әкеледі: қызба, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы және қатты тершеңдік.
Ауыр жағдайларда безгек орталық жүйке жүйесінің зақымдануын, анемияны, ағзалық жеткіліксіздікті тудырып, өлімге әкелуі мүмкін.
Безгек әлі де тропикалық және субтропикалық климатты елдерде, соның ішінде Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасы аймақтарында халық денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Жаһандану және халықаралық туризмнің қарқынды дамуы жағдайында безгектің эндемиялық емес елдерге әкеліну қаупі сақталуда. Осыған байланысты шетелге сапар жоспарлап отырған азаматтарға баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды алдын ала нақтылап, келесі алдын алу шараларын қатаң сақтау ұсынылады:
- маса шағуынан қорғану: маса торларын пайдалану (оның ішінде инсектицидтермен өңделген), репелленттер қолдану, кешкі және түнгі уақытта жабық киім кию, терезелер мен есіктерге қорғаныш торларын орнату;
- безгекке қарсы препараттарды сапарға дейін және болу кезінде профилактикалық мақсатта қабылдау (дәрігердің тағайындауы бойынша);
- медициналық көмекке уақтылы жүгіну;
- клиникалық белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралып, безгек бойынша эндемиялық елде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1214372?lang=kk

Жауап қалдыру