«FAST Супербатырлар» бағдарламасы туралы оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 5 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлімі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарына арналған «FAST Супербатырлар» бағдарламасы бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – «FAST Супербатырлар» бағдарламасын тиімді іске асыру жолдарын түсіндіру, балалар мен жасөспірімдер арасында инсульт белгілерін ерте тану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ халықтың денсаулық мәдениетін арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Іс-шара барысында қатысушыларға бағдарламаның негізгі қағидаттары, білім беру ұйымдарында насихаттау тәсілдері, сондай-ақ инсульттің алғашқы белгілерін уақтылы анықтау алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Face» – бет әлпетінің өзгеруі, «Arm» – қолдың әлсіреуі, «Speech» – сөйлеудің бұзылуы, «Time» – уақытты жоғалтпау қажеттілігі туралы айтылды.
Семинар барысында мамандарға «FAST Супербатырлар» бағдарламасын енгізу және халық арасында кеңінен тарату бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Семинар – қоғам саулығын нығайту және инсульттің алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталған маңызды шара болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1214749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді