Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану басқармасы мүдделі тұлғалардың назарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 258 «Балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ 2026 жылдың мамыр – маусым айларында конкурс өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Конкурс Павлодар облысының аумағында балық шаруашылығын жүргізу үшін резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша өткізіледі. Конкурс e-Qazyna интернет-порталы арқылы өткізілетін болады.
Мүдделі тұлғалар су айдындарының тізбесімен және конкурсқа қатысу шарттарымен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі zemb_inspekcia.rh парақшасында таныса алады.
Конкурсты өткізу мерзімдері, қатысу шарттары, өтінімдерді беру тәртібі және конкурстық құжаттама бойынша барлық сұрақтармен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-не 8 (7182) 61-08-99, 8 (7182) 61-08-84 телефондары арқылы хабарласу қажет.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі
|
№ |
Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы |
Координаттары көрсетілген орын |
Ауданы, гектар |
Шаруашылық қызметтің ұсынылатын түрі |
Бекітіп беру мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары |
|||||
|
1 |
ГРЭС-1 су қоймасы, № 1 балық шаруашылығы учаскесі |
Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 км жерде N 51°52′44.3″ Е 75°24′03.1″, N 51°51′05.1″ Е 75°23′53.2″, N 51°51′21.3″ Е 75°24′49.6″, N 51°52′41.6″ Е 75°25′22.1″ |
388 |
тор қоршама шаруашылық қызметі |
10 жыл |
|
2 |
ГРЭС-2 су қоймасы, № 1 балық шаруашылығы учаскесі |
Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 42 км жерде N 52°01′52.2″ Е 75°26′52.2″, N 51°59′55.8″ Е 75°22′38.5″, N 52°01′17.0″ Е 75°21′35.3″, N 52°02′06.3″ Е 75°24′20.9″ |
1175 |
тор қоршама шаруашылық қызметі |
10 жыл |
|
3 |
Тлеуберды көлі |
Аққулы ауданы Шарбақты кентінен 3 км жерде N 51022’03’’ E 78012’22’’ |
230 |
көл-тауар шаруашылық қызметі |
10 жыл |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/press/news/details/1214716?lang=kk

Жауап қалдыру