
invest.enpf.kz порталындағы жеке кабинет арқылы салымшы өз зейнетақы жинақтары туралы толық ақпарат алып, бірқатар онлайн қызметтерді пайдалана алады.
Атап айтқанда, салымшы:
🔹 зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру не қайтару үшін қолжетімді сомасын тексере алады
🔹 инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау немесе өзгерту туралы өтініш беру тәртібі мен шарттарымен таныса алады
🔹 ИПБ-ны таңдау (немесе өзгерту) туралы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына қайтару туралы өтініш бере алады
🔹 берілген өтініштің мәртебесін қадағалай алады
🔹 басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады
Жеке кабинет салымшыларға өз зейнетақы активтерін ыңғайлы басқаруға және қажетті ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1214690?lang=kk

Жауап қалдыру