
Ү.ж. 24 сәуірінде Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі жанындағы Сараптама кеңесінің жоспарлы кезекті отырсы өтті.
Күн тәртібімен негізінен екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе кәсіпкерлік саланың дамуы және өңір кәсіпкерлерінің құқықтарының қорғалуына арналды. Отырысқа арнайы шақырылған Атырау облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі Сәрсенбай Жолдыбаев алған бағыттағы жалпы жасалып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Талқылау барысында кеңес мүшелері тақырыпқа қатысты баяндаушыға сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Отырыстың екінші мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі Атырау облысы өкілдігінің 2026 жылдың алғашқы 3 айда атқарылған жұмыс қорытындылары тыңдалды. Ол туралы Омбудсменнің аймақтағы өкілі Амангелді Абдолов баяндады.
Жалпы үстіміздегі жылдың I тоқсанында өкілдік өзіндік және біріккен барлығы 40 шараға қатысты. Оларға арналған әлеуметтік желілер мен сайтқа 112 шығарылым және 94 пост жарияланып, 23014 қаралым болған.Өткізілген шараларға 3000 жуық адам қатынасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1214054?lang=kk

Жауап қалдыру